9 ақпан 2026 жыл
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

«ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМДЫ НЫҒАЙТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Нұр-Мүбарак университетінде «Дәстүрлі исламды нығайтудың әдіс-тәсілдері мен тәжірибелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар сәтті өтті.

Семинар «Қазақстандағы дәстүрлі ислам: ғылыми-тәжірибелік негіздері мен дамыту жолдары» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын нығайту, ғылыми-тәжірибелік негіздер, әдістемелік тәсілдер мен өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу болып, маңызды ұсыныстар айтылды.